
Солтүстік Қазақстан облысында кәріз сорғы станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды HALYQSTAN Telegram-арнасы.
Қайғылы оқиға Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында болған. Дереккөздің мәліметінше, мердігер ұйымның қызметкерлері станция ішінде жұмыс жүргізген.
Өңірлік полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Алдын ала ақпарат бойынша, жұмысшылар метан және күкіртсутегі газынан улануы мүмкін. Ер адамдардың тәжірибелі мамандар болғаны айтылуда. Олардың бірі биыл 48 жасқа, екіншісі 50 жасқа толар еді.
Бұған дейін Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болғанын жазған еді: металды ұсақтау жұмыстары кезінде ұсақтаушы қаза тапқанын жазған едік.