AIX Qazaq Index тарихи максимумын жаңартты

Жарияланды 23 Сәуір 2026 09:50

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

AIX Qazaq Index / фото: gemini generated

Қазақстандық қор нарығы биылғы жылды нағыз ірі көрсеткіштермен бастады. Жыл басынан бері AIX Qazaq Index 20,51 пайызға жойқын өсім көрсетіп, 20 сәуірде өзінің тарихи максимумын жаңартты.

Индекс көрсеткіші 2483,68 пунктке жетіп, отандық компаниялардың инвестициялық тартымдылығының артқанын дәлелдеп отыр. Kursiv Media қандай компаниялардың өсімі индексті көтергенін талдап көрді.

Индексті өрге сүйреген төрт алпауыт

Қазақстан қор нарығы 2026 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады. AIX биржасындағы жалпы сауда айналымы 3 есе өсіп, 552 миллион доллардан асты. Алайда, индекстің тарихи рекорд орнатуына барлық компаниялар бірдей үлес қосқан жоқ. Нағыз драйверлер мұнай, уран және металлургия секторлары болды.

Индексті 2483,68 пунктке дейін көтерген негізгі күш – шикізат және қаржы секторының алыптары. Айлық баға өсімі бойынша мына компаниялар нағыз ралли жасады:

  • KazMunayGas (+50,1%) Абсолютті көшбасшы! Акция құны елу пайызға шарықтап, индекстің басты драйверіне айналды. Оның индекстегі 15% үлесін ескерсек, бұл өсімнің нарыққа әсері орасан зор болды.
  • KazTransOil (+39,8%) Мұнай тасымалдаушы компания да көш басында. Шикізат секторының тұрақтылығы инвесторлар сенімін ақтады.
  • Kazatomprom (+31,4%) Уран алпауыты өзінің 15% салмағымен индексті жоғары қарай мықтап тартты.
  • Solidcore (+20,9%) және Freedom Holding Corp (+19,1%) Бұл екі компания да жиырма пайызға жуық өсім көрсетіп, нарықтағы позицияларын айтарлықтай нығайтты.

Төменде AIX Qazaq Index кіретін компаниялардың үлесі

AIX Qazaq Index Құрамы

Тикер Компания Үлесі
HSBC Halyk Bank 9.84%
KAP NAC Kazatomprom 15.00%
CAML Central Asia Metal 0.92%
FRHC Freedom Holding Corp 15.00%
KZTK Kazakhtelecom 1.32%
KZTO KazTransOil 1.46%
CCBN Bank CenterCredit 2.93%
KCEL Kcell 2.13%
KSPI Kaspi 15.00%
KMG KazMunayGas 15.00%
CORE Solidcore 7.90%
KEGC KEGOC 1.46%
AIRA Air Astana 1.03%
ALTN Altyngold Plc 0.78%
JXIR Jiaxin International Resources 10.22%

Еске сала кетейік 21 сәуірде KASE индексі де тарихи максимумға жетіп, 7 972,88 пункт деңгейінде тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз