Емханаларға науқасқа алдын ала диагноз қоятын жобаны енгізу ұсынылды

Жарияланды 28 Сәуір 2026 11:56

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Емханаларда ЖИ жүйесі сынақтан өткізілді/фото: shutterstock

Ел емханаларында науқасқа алдын ала диагноз қоятын жасанды интеллект жүйесі сынақтан өткізілді.

Медициналық құжаттарды толтыру процесін автоматтандыруға бағытталған «Ascle» жобасы авторы Сұлтан Жұмабаевтың сөзінше, жүйе дәрігер қабылдауына жазылғандардың кезегін қысқартуға көмектеседі.

«ЖИ жүйесі дəрігердің пациентпен диалогын тіркейді, оны медициналық деректерге айналдырады. Содан кейін деректерді медициналық картаға автоматты түрде толтырады. Ақпарат контекстіне сəйкес алдын ала диагноз қояды», – дейді стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаев.

Айтуынша, жүйе медициналық құжатты толтыруға кететін уақытта 50%-ға қысқартады. Осылайша дəрігерге науқаспен тікелей сөйлесуге көбірек уақыт бөлуге болады.

Қазірге дейін стартап елдің төрт өңіріндегі 38 клиникада сынақтан өткізілген.

Бұған дейін кәсіпкерлерге бизнесін бастау барысында тиімді таңдау жасауға көмектесетін AI–көмекші іске қосылатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз