Сан-Франциско: Жасанды интеллект астанасы неге дағдарысқа ұшырады

Жарияланды 28 Сәуір 2026 12:04

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Жасанды интеллект астанасы неге дағдарысқа ұшырады / фото: gemini generated

Тарихта ешбір қала дәл қазіргі Сан-Франциско секілді қысқа мерзімде мұндай орасан зор байлық жинаған емес. Бұл қалада құны 2 триллион долларға жуықтайтын OpenAI және Anthropic сияқты әлемдік жасанды интеллект (ЖИ) алпауыттары орналасқан.

Сонымен қатар, The Economist дерегінше қалада құны 1 млрд доллардан асатын 91 «юникорн» компания бар. ЖИ арқылы байыған ондаған миллиардер де осы қаланың тұрғыны. Ең ақылды мамандар үшін талас жүріп жатыр. Бірақ, қызық болғанда, әлемнің ЖИ орталығы неге қиындық көріп отыр?

Қаланың көлеңкелі келбеті

Бірақ қаланың кедей аудандарында жағдай мүлдем басқаша. Сарапшы Матеннің пікірінше Сан-Францискодағы үйлердің орташа бағасы 2022 жылмен салыстырғанда 15%-ға арзандаған.

Жалдау ақысы да түсіп жатыр. СоМа (SoMa) сияқты аудандарда жағдай тіпті қиын: көшеде есірткі қолданып, есеңгіреп тұрған адамдарды жиі көресіз.

Бұл ауданда үй бағасы 2022 жылдан бері 40%-ға төмендеп кеткен. Бұл — нағыз экономикалық күйзеліс кезінде болатын жағдай. Көптеген тұрғын үй кешендері жарнамаланғанымен, олар бос тұр.

Экономикалық әлсіздік және жұмыссыздық

Сан-Франциско консервативтік ток-шоулар айтатындай «тозаққа» айналмаса да, оның экономикасы өте әлсіз. The Economist келтірген деректерге сүйенсек ЖИ саласы дамып жатқанымен, қаладағы басқа дәстүрлі IT салалары қиындық көріп отыр. Бағдарламашылар жұмыссыз қаламыз ба деп қорқады.

Пандемия кезінде жұмысқа тым көп адам алған IT фирмалар енді мыңдаған қызметкерді қысқартып жатыр. Кейбір компаниялар шығынды азайту үшін қаладан көшіп кетті.

2022 жылдан бері компьютерлік жүйелер саласындағы жұмыс орындары 13%-ға азайды, ал eBay сияқты алпауыттар қаладағы кеңсесін жабатынын хабарлады.

Табысты адамдар қаладан көшіп жатыр

Қазір Сан-Францискодағы кеңселердің 35%-ы бос тұр. Қала орталығындағы адамдар саны пандемияға дейінгі кезеңнен үш есе аз. Жаңа мэр Дэниэл Лури бизнеске жағдай жасап, бюджеттегі 643 млн доллар тапшылықты жабуға тырысып жатыр.

Ол тіпті 100-ден астам қала қызметкерін жұмыстан шығарды. Бірақ қаладағы бюрократия мен тексеруші мекемелер әлі де кедергі болып отыр. Орташа табысы бар адамдар қаладан көшіп жатыр: былтыр жұмыс күші 1%-ға азайды.

Айта кетейік, отандық KazLLM моделі 138 мыңнан астам сұранысты өңдегенімен, оны қазір нақты қанша адам қолданғаны белгісіз. Өйткені қазір бұл модельге қаржы құйылып жатқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз