ФРЖ мөлшерлемені 3,75% деңгейінде сақтап қалды

Жарияланды 30 Сәуір 2026 09:47

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

ФРЖ базалық мөлшерлемені сақтады / фото: gemini AI

АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 3,5–3,75% деңгейінде қалдырды. BBC таратқан ақпаратқа сүйенсек, ФРЖ Таяу Шығыстағы қақтығыстардың экономикалық зардаптарына байланысты әзірге бақылау позициясын ұстануды жөн көрген. Соғыс салдарынан Ормұз бұғазының жабылу қаупі мен энергия ресурстары бағасының қымбаттауы инфляциялық қысымды күшейтіп отыр.

Инфляцияның бағыты және Пауэллдің пікірі

ФРЖ басшысы Джером Пауэлл АҚШ-тағы инфляция «сәл қате бағытта кетіп бара жатқанын» атап өтті. Қазіргі уақытта инфляция көрсеткіші 3,2%-ды құрап отыр. Пауэллдің айтуынша, жағдайдың қалай өрбитінін уақыт көрсетеді, сондықтан қазір күте тұру қажет.

Мөлшерлемені төмендетуден бас тарту себептері

CNN мәліметінше, наурыз айында инфляция 3,3%-ға дейін жеделдеп, 2024 жылдың мамыр айынан бергі ең жоғары деңгейге жеткендіктен, мөлшерлеме төмендетіледі деген үміт ақталмады. Болашақта ақша-несие саясатының жұмсаруы тікелей геосаяси жағдайдың дамуына байланысты болмақ. Бұған дейін сарапшылар Таяу Шығыстағы шиеленіс әлемдік инфляцияны жеделдетіп, Батыс елдерінің (әсіресе Еуроодақ, Ұлыбритания және Жапонияның) саясатын қатаңдатуға мәжбүр ететінін болжаған болатын.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың сәуір айындағы Орталық Азия елдері мен Ресей Орталық банктерінің соңғы шешімдерін талдаған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз