
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры KASE биржасындағы кезекті ірі мәміленің қорытындысын жариялап, «Қазақтелеком» АҚ-ның жай акцияларының тағы 10,43%-ын сатып алғанын хабарлады.
Осы операцияның нәтижесінде еліміздің бас байланыс операторының капиталындағы Қордың үлесі айтарлықтай өсіп, 80,85%-дан 91,28%-ға жетті. Самрық Қазына бұл қадамды нарықтағы қазіргі қолайлы конъюнктура мен компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығына негіздеп отыр. Мамандардың пікірінше, акцияларды шоғырландыру туралы шешім «Қазақтелекомның» жаңартылған стратегиясымен тікелей байланысты.
2029 жылға дейін SPO болады
«Самұрық-Қазынаның» бақылау пакетін ұлғайтуы жай ғана активтерді жинақтау емес, компанияның құнын болашақта еселеуге бағытталған стратегиялық қадам. Үкіметтің №894 қаулысына сәйкес, бұл актив 2029 жылға дейін қайтадан нарыққа (SPO) шығарылуы тиіс. Оған дейін Қор компанияны өсу фазасына өткізіп, инвесторлар үшін акциялардың қосымша құнын қалыптастыруды және кейіннен оларды неғұрлым тиімді шарттармен сатуды жоспарлап отыр.
Еске салайық, осы жылы ақпанда «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов 650 адамды жұмыстан қысқартатынын мәлімдеген. Компанияның Астанадағы 6500 қызметкері болса, соның 10%-ын қысқартпақшы