
Ұлттық қорды басқаратын Ұлттық банк Anthropic компаниясына инвестиция салған. 2025 жылдың соңында компанияның құны 183 млрд доллар болып тұрғанда, Ұлттық қордан 25 млн доллар бөлінді. Ал 2026 жылдың ақпанында жаңа инвестициялық кезеңде компанияның бағасы 380 млрд долларға жетті, яғни небәрі бірнеше айда екі еседен астам өсті. Осылайша, біздің Ұлттық қор да Alphabet пен Amazon сияқты компания құнының өсуінен пайда көріп отыр. Ең жоғары тиімділік Anthropic биржаға (IPO) шыққанда, алғашқы инвесторлар өз үлестерін сата бастаған кезде байқалуы мүмкін.
Ұлттық қордың мұндай баламалы инвестицияларымен Ұлттық банктің еншілес құрылымы – Ұлттық инвестициялық корпорация айналысады. Бұл Ұлттық қор мен БЖЗҚ қаражатын шетелдік активтерге салудың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай қадам тәуекелдерді әртараптандыруға, ішкі экономикаға тәуелділікті азайтуға және жергілікті нарықта қолжетімсіз жаһандық технологиялық алпауыттардың өсімінен пайда табуға мүмкіндік береді.
Сарапшы Арман Батаевтың пікірінше, жасанды интеллект (AI) саласындағы дүрбелең мен технологиялық алпауыттардың 2026 жылғы бірінші тоқсандағы жоғары көрсеткіштерінің арқасында S&P 500 мен Nasdaq индекстері тарихи рекордтарын тағы да жаңартып жатыр. Alphabet, Amazon, Microsoft, Meta және Oracle компанияларының есептері күткеннен де асып түсті. Алайда, бұл компаниялардың көбінде пайда тек негізгі бизнестен емес, «басқа да кірістер» деген баптың арқасында көбейген.
Еске сала кетейік, Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Әйгерім Ілиясова зейнетақы жинақтары неліктен құбылып тұратынын түсіндіріп берді.