Жаңалықтар

Назарбаевтың жиені мен Есімовтің қызы ең жас миллионерлер тізіміне енді


Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тұңғыш президенттің жиен немересі Нұрәли Әлиев пен Алматының бұрынғы әкімінің қызы Айжан Есім Қазақстандағы ең жас миллионерлердің қатарына енді. Forbes Kazakhstan басылымы биылғы рейтингіндегі 44 жасқа толмаған ең дәулетті бизнесмендер тізімін жариялады.

Миллионер мұрагерлер

Тізімдегі көпшілікке таныс есімдердің бірі- 41 жастағы Нұрәлі Әлиев. Экс-президенттің жиен немересінің байлығы 280 млн долларға бағаланған.

Ол Capital Holding пен Darmen Holding-тің ірі үлескері болумен қатар, Дубайдағы Donatello Hotels and Resorts және Алматыдағы Donatello Boutique Hotel қонақ үйіне иелік етеді.

Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің қызы, 44 жастағы Айжан Есімнің активтері 207 млн долларды құрады.

Кәсіпкер өз байлығын «Қазфосфат» компаниясындағы үлесін сату арқылы еселеген. Қазір оның иелігінде KRIDA фитнес-клубы мен «Алматынан» және Петропавл нан комбинаттарының үлестері бар.

Тізімдегі ең жас және ең дәулетті кәсіпкерлер

Биылғы рейтингтің ең басты жаңалығы – 35 жастағы Шахмұрат Мүтәліп болды. Ол тізімге алғаш рет еніп, бірден 22-орынға (482 млн доллар) жайғасты.

Integra Construction KZ компаниясының иесі құрылыс саласынан бөлек, алтын өндіретін «Алтыналмас» кәсіпорнын сатып алуды жоспарлап отыр.

Жас миллионерлер арасындағы ең бай дәулеттісі – Freedom Holding иесі, 38 жастағы Тимур Турлов. Оның дәулеті 5,2 млрд долларға бағаланды.

Одан бөлек, тізімде агробизнес пен өндіріс саласында жүрген Ғалымжан Есенов (564 млн доллар), Алмаз Әлсенов (204 млн доллар), білім беру саласының өкілі Айғазы Құсайынов (132 млн доллар) және мейрамхана бизнесінің иесі Асқар Байтасов (112 млн доллар) бар.

Forbes Kazakhstan журналының 2026 жылғы ең бай бизнесмендер рейтингі айтарлықтай жаңарды. Биылғы тізімге құрылыс, авиация, білім беру және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етіп жүрген алты жаңа есім қосылды.