Несие алудың жаңа ережесі: 2027 жылдан бастап банктер кімдерге қарыз бермейді

Жарияланды 20 Мамыр 2026 16:10

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстанда несиесі жоқ адамды табу қиын. Көлік алсақ та, үйімізді жөндесек те, тіпті жаңа телефон алсақ та бірден банкке жүгіреміз. Алайда, халықтың шамадан тыс қарызға батуын тоқтату үшін Ұлттық Банк жаңа, қатаң шектеулер енгізгелі жатыр.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап несие алу айтарлықтай қиындайды. Неге? Түсіндіріп өтейік.

8 еселік лимит немесе КБК деген не?

Көп ұзамай банктер несие берерде жаңа өлшем – КБК-ны (Кіріске қатысты борыш коэффициентін) қатаң тексеретін болады.

Бұл ереже өте қарапайым: сіздің барлық несиеңіздің жалпы сомасы сіздің 1 жылдық табысыңыздан 8 еседен аспауы керек. Бұған бұрын алған несиелеріңіз де, енді алғалы тұрған жаңа қарызыңыз да кіреді.

Қарапайым мысал: Айталық, сіз айына таза 300 000 теңге жалақы аласыз.

  1. Сіздің 1 жылдық табысыңыз: 300 000 теңге х 12 ай = 3 600 000 теңге.
  2. Рұқсат етілген ең жоғары қарыз шегі (8 есе): 3 600 000 теңге х 8 = 28 800 000 теңге.

Яғни, сіздің мойныңыздағы жалпы берешек 28,8 млн теңгеден аспауы тиіс. Егер сізде қазірдің өзінде 25 млн теңге ипотека және 3 млн теңге автонесиеңіз болса (жалпы 28 млн), банк сізге жаңа телефон алуға тіпті 500 мың теңгелік бөліп төлеуді де (рассрочка) мақұлдамайды. Өйткені сіз өзіңіздің шегіңізге жетіп қойдыңыз.

Қаңтардан бастап 2026 жылдан тұтынушылық несие алу қиындай түскен. Мәслен егер қарыз алушы соңғы 12 ай ішінде кредитін 90 күн кешіктіріп төлеген болса, онда оның БЖК төмен деңгейде, яғни 0,25 ретінде есептеледі

Айта кетейік, халықтың несие қарызы көбейді, үш ай төленбеген берешек 1,7 трлн теңгеге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз