Жазғы демалыс қарсаңында доллар бағамы көтерілді

Жарияланды 25 Мамыр 2026 15:52

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге
Қазақстанда жазда доллар қымбаттайды / фото: shutterstock

25 мамырда, Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, доллар бағамы көтерілді. 1 АҚШ валютасы 472,48 теңге болды.

Доллар бір тәуліктің ішінде 1,42 теңгеге нығайды. Айта кетейік, доллар биыл сәуірдің басында 460 теңгеге дейін құнын жоғалтқан. Содан бергі екі айға жуық уақыттың ішінде ұлттық валюта шамамен 12 теңгеге күшейгенін көріп отырмыз.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жазғы уақытта шетел валютасына сұраныс артатынын алдын ала ескерткен.

Қазір ақша айырбастау мекемелерінде доллар 473 теңге шамасында саудаланып жатыр. kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 471,5 теңгеден қабылданып, 473 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл өзгерек: 468 және 475 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз