
Қазақстанда «Орда Аймақ Плюс» жаңа өңірлік ипотекалық бағдарламасы пайда болды. Бағдарлама аясында салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтерді жылдық 10,9%-дан басталатын мөлшерлемемен сатып алуға болады. Бұл туралы krisha.kz хабарлады.
Бағдарлама операторы – Қазақстан тұрғын үй компаниясы.
Ипотека шарттары
- мөлшерлеме – жылдық 10,9%-дан 14,9%-ға дейін (ЖТСМ – 11,7%-дан 16,2%-ға дейін);
- бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
- несие сомасы – 75 млн теңгеге дейін;
- несие мерзімі – 20 жылға дейін.
Маңызды шарттар
- қоса қарыз алушыларды тартуға болады;
- қосымша кепіл талап етілмейді;
- ипотекаға сатып алынатын пәтердің өзі кепіл ретінде рәсімделеді.
Бағдарлама қандай тұрғын үй кешендеріне арналған
«Орда Аймақ Плюс» бағдарламасы Қазақстан тұрғын үй компаниясы кепілдік берген өңірлердегі жаңа тұрғын үй кешендеріне арналған.
Мысалға қазір бағдарлама аясында Өскемен қаласындағы «Престиж» тұрғын үй кешенінен пәтер таңдауға болады. Алдағы уақытта бағдарламаға басқа да нысандар қосылады деп күтілуде.
«Орда Аймақ Плюс» бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты Қазақстан тұрғын үй компаниясының байланыс орталығы арқылы алуға болады: +7 (7172) 79-75-75.
Айта кетейік «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Жылдық мөлшерлеме 5%-ды құраса, несие мерзімі 25 жылға дейін созылады. Ең жоғарыы сома 20 млн теңгеге дейін жетеді.