Доллар бағамы 490 теңгеден жоғары көтерілді

Жарияланды 9 Маусым 2026 16:02

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге
Жазда доллар қымбаттады / фото: Серікжан Қобыланбаев

9 маусымда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 490,21 теңге болды. Ұлттық валюта бір тәуліктің ішінде 5,12 теңгеге құнсызданды. Ақша айырбастау мекемелерінде доллар 492 теңгеден сатылады.

Маусым айында доллар бағамы 485-490 теңге аралығында тербеліп тұр. Бір ай бұрын АҚШ валютасы 463 теңге болған. Содан бері ұлттық валюта 20-25 теңге шамасында құнсызданғанын көріп отырмыз.

Сейсенбі күні көк қағаз ақша айырбастау мекемелерінде 492 теңгеден сатыла бастады. kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 488 теңгеден қабылданып, 490 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам айырмасы кең – 485 және 492 теңге.

Көктемде Ұлттық банк Тимур Сүлейменов төрағасы жаз айларында Қазақстанда долларға сұраныс артатынын ескерткен. Осы уақытта демалысты шетелде өткізуді қалайтын азаматтар долларды көптеп сатып ала бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз