Банк құпиясын жариялаған: Home Credit Bank-ке екі рет айыппұл салынды

Жарияланды 10 Маусым 2026 16:46

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Home Credit Bank-ке айыппұл салынды
Банкке айыппұл салынды / Фото: Дина Карамчакова, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

ForteBank-тің еншілес ұйымы – Home Credit Bank банк құпиясын бұзғаны және кредиттік бюроларға уақтылы ақпарат бермегені үшін айыппұл арқалады.

2026 жылғы маусымда ҚНРДА-ның Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы қаржы институтына 216 250 теңге көлемінде айыппұл салған.

Банк тарапынан жіберілген қателік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 185-бабы (Банк құпиясын жария ету) бойынша сараланған.

Сонымен қатар агенттіктің Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы да 865000 теңге айыппұл салған. Оған банктің кредиттік тарих туралы ақпаратты кредиттік бюроларға уақтылы ұсынбауы себеп болды. Айыппұл шілдеге дейін төленуге тиіс.

2025 жылдың қыркүйегінде ForteBank Home Credit Bank-тің 26,8% акциясын иеленіп, олар инвестиция ретінде жіктелген.

Кейінірек, 2025 жылдың қараша айының соңында банк өз үлесін 75%-ға дейін арттырып, Home Credit Bank-ті өз бақылауына алды. Қаржы ұйымының 100% акциясын сатып алу мәмілесі 2025 жылдың желтоқсанында аяқталды.

ForteBank Home Credit Bank-ті 273 млрд теңгеге сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз