Астанадағы музейге «ұлттық» мәртебесі берілді

Жарияланды 18 Маусым 2026 08:28

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Жарлыққа президент қол қойды/фото: Wikipedia

Астанадағы Қазақстанның Ұлттық музейіне «ұлттық» мәртебесі берілді. Жарлыққа президент қол қойды.

«Мемлекет басшысы елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісіне айрықша мән беріп келеді. Жаңа мәртебе Ұлттық музейдің Орталық Азиядағы ең ірі музей әрі еліміздің жетекші мәдени-ағартушылық орталықтарының бірі екенін айғақтай түседі», – деп хабарлады мәдениет министрлігі.

Қазір музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Мұнда 20 көрме залы, реставрация шеберханалары, зертханалар, қор сақтау орындары, ғылыми кітапхана, сондай-ақ көрме және білім беру жобаларын жүзеге асыруға арналған орындар бар.

Сондай-ақ оқыңыз