Жаңалықтар

Жұмыс уақытында құмар ойын: Түркістанда төрт шенеунік жұмыстан шығарылды

Түркістанда төрт шенеунік жұмыстан шығарылды / Фото: Shutterstock

Түркістан облысында төрт мемлекеттік қызметші лауазымынан айырылды, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.

Тексеріс көрсеткендей, Сарыағаш ауданы мемлекеттік органдарының жекелеген қызметкерлері заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулерді бұзып, жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысқан.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің қорытындысы бойынша төрт қызметкер атқаратын лауазымдарынан босатылды.

«Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін казино мен букмекерлік кеңселерге қойылатын талап күшейгенін жазған едік. Егер солардың ақшасын алып, бәс тігуіне мүмкіндік берсе, казино мен букмекер де жауапқа тартылмақ. 2024 жылы шенеуніктер, бюджеттік ұйым басшылары мен әскерилердің құмар ойын онауына тыйым салынған.

Бұл ереже казино мен ойын автоматтары залдарына, сондай-ақ букмекерлік кеңсе мен тотализаторларға да қолданылады. Қосымша ережелер 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 2025 жылғы 25 сәуірде ойын бизнесінің жарнамасын шектейтін заң қабылданған еді.