
30 маусым KASE-де күндізгі саудада доллардың бағамы 481,01 теңге болды. Бұл дүйсенбі күнгі қорытынды көрсеткішпен салыстырғанда теңгенің шамамен 1,64 теңгеге нығайғанын көрсетеді. Бүгін ең төменгі сатылым бағасы – 480,50 теңгеге дейін түсті
Айырбас орындарында да доллар бағамы төмендегені байқалады. Алматыдағы ақша айырбастау пунктері долларды негізінен 482-483 теңгеден сатып алып, 483-484 теңгеден сатып жатыр.
Сонымен қатар теңге бағамына әсер етуші сыртқы фактордің бірі – мұнайдың фьючерстік бағасы барреліне 72-73 доллар деңгейінде қалыптасты».
Айта кетейік, көптеген сарпшылар теңге жыл соңында әлсірейді деп болжап отыр. Соның бірі ЕАДБ сарапшылары доллар бағасы 2026 жылы – 490 теңге, 2027 жылы – 505 теңге, ал 2028 жылы 525 теңге болуы мүмкін деп болжайды.