Ресейде бензин қымбаттап барады

Жарияланды 15 Шілде 2026 22:35

(жаңартылды 16 Шілде 2026 09:26)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Ресейде бензин қымбаттады / фото: газета.ру

Ресейде жанармай бағасының өсуі үдей түсті. 7-13 шілде аралығында автожанармайдың орташа бөлшек бағасы бір аптада 2,3%-ға, дизель отыны 3,2%-ға көтерілді.

Бағаның өсуіне ірі мұнай өңдеу зауыттары жұмысының тоқтауы әсер еткен. Дрон шабуылдарынан кейін шілде айының басында бензин өндірісі елдегі орташа тұтыну көлемінің шамамен 65%-ына дейін төмендеді. Соның салдарынан көптеген өңірде жанармай тапшылығы байқалып, жанармай құю бекеттеріндегі баға өсе бастады.

13 шілдедегі жағдай бойынша Ресейде бензиннің орташа бағасы литріне 75,84 рубльді (шамамен 447 теңге) құрады. Оның ішінде:

дизель отыны — 91,21 рубль (шамамен 537 теңге).

АИ-92 — 72,06 рубль (шамамен 425 теңге);

АИ-95 — 78,04 рубль (шамамен 460 теңге);

АИ-98 — 99,30 рубль (шамамен 585 теңге);

Бір апта ішінде Ресейдің 78 өңірінде бензин бағасы өскен. Мәскеуде баға 1,3%-ға, Санкт-Петербургте 0,3%-ға қымбаттады.

Жыл басынан бері Ресейде бензин бағасы 16,4%-ға, дизель отыны 18%-ға өсті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша бензин 10,78%-ға қымбаттаған еді.

Тағы да оқыңыз: Ресейдегі жанармай тапшылығы Орталық Азия мен Қазақстанға қалай әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыз