Жаңалықтар

Елдегі 124 теміржол вокзалы жаңартылады

124 теміржол вокзалы жаңартылады
124 теміржол вокзалы жаңартылады / Фото: ҚТЖ

Елдегі 124 теміржол вокзалы жаңартылып, реконструкциядан өтеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметте өткен жиынға облыс әкімдері, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қатысты.

Кеңес барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау барысы туралы, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Абай облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Бүгінгі таңда 71 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасып келеді.

Жиын барысында нысандарды салу мен жаңғырту мерзімдерін сақтауға, жұмыстардың сапалы орындалуына, мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелер арасындағы координацияны күшейтуге ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға теміржол нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін қатаң сақтауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін 1904 жылы салынған тарихи Сексеуіл вокзалы да жөндеу жұмыстарынан өткен еді.