Тамыздағы депозиттер: қай банктер жоғары пайыз ұсынып отыр

Жарияланды 13 Тамыз 2026 15:29

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
ЕДБ қандай депозит ұсынып отыр / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанда банктер депозиттердің пайыздық мөлшерлемелерін біртіндеп төмендете бастады, деп жазады Kursiv.Media. Бұған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені жұмсартуы әсер етіп отыр. Маусымда базалық мөлшерлеме 18%-дан 17%-ға, ал 24 шілдеде 16,75%-ға дейін төмендеді. Осының нәтижесінде банктер де салымшыларға ұсынатын табыстылықты қайта қарай бастады.

Бұл үрдіс жаз айларында анық байқалды. Бірқатар банк депозиттердің жекелеген түрлері бойынша мөлшерлемені төмендетті. Мәселен, Home Credit Bank тамыздан бастап кейбір жинақ депозиттері бойынша ЖТСМ-ды 20%-дан 19,6%-ға түсірді. ForteBank те тамыздың басынан жаңа депозиттік мөлшерлемелер енгізді.

Қазақстан банктеріндегі ең жоғары депозит мөлшерлемелері
Толықтыру және ақша алу мүмкіндігі бар депозиттер · 10.08.2026
Банк / депозит
Мерзім
Номинал
ЖТСМ
Freedom Bank
Freedom Bank Копилка
13 ай
15,60%
16,73%
KZI Bank
KZI Bank Жинақтаушы
12 ай
15,60%
16,90%
Home Credit
Home Credit Bank Простой
13 ай
15,10%
16,30%
Alatau City Bank
Alatau City Bank Baytaq
6 ай
15,00%
16,08%
Freedom Bank
Freedom Bank Копилка
12 ай
14,90%
15,95%
Eurasian Bank
Eurasian Bank Turbo
13 ай
14,76%
15,90%
Home Credit
Home Credit Bank Простой+
12 ай
14,76%
15,90%
Alatau City Bank
Alatau City Bank Baytaq
12 ай
14,80%
15,85%
ForteBank
ForteBank Шешумен
13 ай
14,60%
15,72%
Nurbank
Nurbank Оптималды
6 ай
14,65%
15,70%
BCC
Bank CenterCredit Чемпион
6 ай
14,50%
15,50%
BCC
Bank CenterCredit Чемпион
13 ай
14,50%
15,50%
Eurasian Bank
Eurasian Bank Turbo
6 ай
14,41%
15,50%
Eurasian Bank
Eurasian Bank Turbo
13 ай
14,41%
15,50%
Nurbank
Nurbank Оптималды
12 ай
14,49%
15,50%
KMF
KMF Срочный
13 ай
14,40%
15,50%
Altyn Bank
Altyn Bank Золотой запас
12 ай
14,28%
15,35%
Halyk Bank
Halyk Bank Универсальный
6 ай
14,32%
15,30%
Kaspi
Kaspi Kaspi Депозит
12 ай
14,10%
15,00%
Halyk Bank
Halyk Bank Универсальный
12 ай
14,06%
15,00%
ЖТСМ — жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі.
Дерек: 10 тамыз 2026 жылғы депозит мөлшерлемелері
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

10 тамыздағы дерек бойынша ақшаны толықтыруға және шешіп алуға мүмкіндік беретін депозиттер арасында ең жоғары ЖТСМ KZI Bank-те – 16,9%. Freedom Bank-тің 13 айлық «Копилка» депозитінде бұл көрсеткіш 16,73%, Home Credit Bank-тің «Простой» депозитінде 16,3%.

Alatau City Bank-тің Baytaq депозиті 16,08%, Freedom Bank-тің 12 айлық «Копилкасы» 15,95%, Eurasian Bank-тің Turbo депозиті 15,9% ЖТСМ ұсынады. ForteBank-те көрсеткіш 15,72%, Nurbank-те 15,7%. Halyk Bank пен Kaspi-дің еркін шешуге болатын депозиттерінде ЖТСМ шамамен 15%.

Жоғары пайызды ұсынушылар әлі де бар

Нарықта 19-20%-дан жоғары мөлшерлемелер әлі де бар. Алайда мұндай табыстылық көбіне жинақ депозиттерінде ұсынылады және ақшаны мерзімінен бұрын шешуге шектеу қойылады.

Егер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетсе, депозиттердің табыстылығы да біртіндеп азаюы мүмкін.

Тағы да оқыңыз →
Қазақстандағы ең ірі 20 микроқаржы ұйымы (Инфографика)

Сондай-ақ оқыңыз