
Көкшетау жылу-электр орталығы AIX биржасында 60 млрд теңгеге облигация орналастырып жатыр. Бұл турады қаржыгер Арман Батаев жазады.
Бастапқыда бұл ауқымды жоба Ресейдің қолдауымен жүзеге асады деп жоспарланған болатын. Шарт бойынша Ресей тарапы қажетті жабдықтарын жеткізіп, 20 жыл мерзімге рубльмен жылына шамамен 7% жеңілдетілген несие беруі тиіс еді. Дегенмен, Ресей уәде етілген қаржыны бөле алмады. Осыдан кейін Казахстан жобаны өз бетінше қолға алуға шешім қабылдады.
2025 жылы «Самұрық-Казына» мен «Самұрық/Энерго» жобалық компанияның капиталына 34,6 миллиард тенге құйды. Ал құрылыс пен басты жабдықтарды жеткізу келісімшарттары негізінен қытай компанияларымен жасалды. Жалпы келісімшарттардың құны шамамен 356 миллиард тенгені құрайды.
Енді Кокшетау ЖЭО-сы облигация нарығына да шығып, Astana International Exchange (AIX) биржасында жалпы номиналды көлемі 60 миллиард тенге болатын 15 жылдық облигацияларды орналастыруда. Оның купоны TONIA Compounded индикаторына байланған және оған жылына 1,5%-дан аспайтын үстеме қосылады, ал облигацияларды өтеу 2041 жылдың тамыз айында өтеді.
Бұған дейін Қазақстанның үш ірі қаласындағы жылу электр орталығын Ресей компаниялары салып, Ресей қаржыландыратыны айтылған. Алайда көрші бұл жобаларға қарыз беруден бас тартқан.