Қазақстанда бензин қай қалада қымбат: шілдедегі бағалар

Жарияланды 20 Тамыз 2026 12:01

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қалаларда бензин бағасы қандай? / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылғы шілдеде Қазақстан бойынша АИ-92 бензинінің орташа бөлшек бағасы 244 теңге, АИ-95/96 – 314 теңге, ал АИ-98 – 339 теңге болды, деп жазады Kursiv.Media.

Өңірлер арасындағы айырмашылық әсіресе АИ-92 бағасынан байқалады. Ең қымбат АИ-92 Алматы мен Талдықорғанда – 249 теңгеден сатылған. Семейде литрі 248 теңге, Қонаевта 247 теңге, Қарағанды мен Қызылордада 246 теңге болды.

Өңірлерде бензин қанша тұрады?
2026 жылғы шілдедегі орташа бөлшек баға, теңге/литр
Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ОРТАША Қазақстан
АИ-92 244 ₸
АИ-95/96 314 ₸
АИ-98 339 ₸
Өңір
АИ-92
АИ-95/96
АИ-98
Астана
245
314
355
Алматы
249
324
362
Шымкент
232
306
350
Ақтау
241
298
333
Ақтөбе
231
291
345
Атырау
228
291
338
Жезқазған
245
311
—
Көкшетау
245
304
348
Қарағанды
246
314
339
Қонаев
247
321
362
Өңір
АИ-92
АИ-95/96
АИ-98
Қостанай
238
307
—
Қызылорда
246
305
—
Орал
230
298
339
Өскемен
245
313
340
Павлодар
245
313
347
Петропавл
245
314
—
Семей
248
304
331
Талдықорған
249
322
363
Тараз
240
304
343
Түркістан
232
305
—

Ал ең арзан АИ-92 Атырауда – 228 теңге. Оралда литрі 230 теңге, Ақтөбеде 231 теңге, Шымкент пен Түркістанда 232 теңгеден сатылған. Осылайша ең арзан және ең қымбат өңір арасындағы айырмашылық бір литрге 21 теңгеге жетеді.

АИ-95/96 бензині бойынша ең жоғары баға Алматыда тіркелген – 324 теңге/литр. Талдықорғанда – 322 теңге, Қонаевта – 321 теңге. Ең төмен баға Ақтөбе мен Атырауда – 291 теңге. Айырмашылық – 33 теңге.

АИ-98 маркасының ең жоғары бағасы Талдықорғанда – 363 теңге, Алматы мен Қонаевта – 362 теңгеден. Ең төмен көрсеткіш Семейде тіркелді – 331 теңге. Кейбір қалалар бойынша АИ-98 бағасы статистикада көрсетілмеген.

Айта кетейік, 2026 жылғы шілдеде тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 10,2%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз