Қазақстан мұнайы қымбаттады: CPC Blend бағасы $91-ден асты

Жарияланды 21 Тамыз 2026 09:42

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
CPC blend мұнайы қымбаттады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай қоспасы CPC Blend қымбаттап, барреліне $91,47-ге жетті. 13 тамызда оның бағасы $89,08 болған. Осылайша бірнеше күнде мұнай шамамен 2,7% өсті.

Бағаның көтерілуіне әлемдік мұнай нарығындағы қымбаттау әсер етіп отыр. Brent те $90-нан жоғары саудалануда. Нарыққа Таяу Шығыстағы геосаяси тәуекелдер мен Ормұз бұғазы арқылы мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылық ықпал етуде.

Сонымен қатар Қазақстан үшін Каспий құбыр консорциумының жұмысы маңызды. Шілдеде Қара теңіздегі қауіпсіздік мәселелерінен КҚК арқылы мұнай жөнелту азайған еді. Тамызда тасымал біртіндеп қалпына келгенімен, танкерлер мен терминал жұмысына қатысты тәуекелдер әлі сақталып отыр.

КҚК арқылы Қазақстан экспорттайтын мұнайдың үштен екісінен астамы тасымалданады. Сондықтан CPC Blend бағасының жоғары болуы елдің экспорттық түсіміне оң әсер еткенімен, Қара теңіздегі жағдай негізгі тәуекел болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыз