
24 тамыздағы саудада KASE индексі айтарлықтай өзгерген жоқ. Көрсеткіш небәрі 0,09 пунктке немесе 0,001%-ға өсіп, 8 016,62 пунктте жабылды. Сессия барысында индекс 7 955,91–8 038,22 пункт аралығында қозғалды.
Акциялар арасында ең жоғары өсімді «Қазатомөнеркәсіп» акциясы көрсетті. KZAP бағасы 31 884,88 теңгеден 32 921,38 теңгеге көтеріліп, бір күнде 3,25% қымбаттады. Kaspi.kz акциялары 1,62%, Kcell 1,08% өсті.
«ҚазМұнайГаз» қағаздары 0,43% қымбаттап, 35 050 теңгеге жетті. KEGOC 0,16%, Банк ЦентрКредит 0,03% қосты. ҚазТрансОйл акциясының жабылу бағасы өзгеріссіз қалып, 1 147,97 теңге болды. KASE индексінің қазіргі өкілдік тізіміне осы он акция кіреді.
Кері бағыттағы ең үлкен қозғалыс Halyk Bank акциясында байқалды. HSBK 404,70 теңгеден 383,45 теңгеге дейін түсіп, 5,25% арзандады. Air Astana акциясы 1,19%, Қазақтелеком 0,22% төмендеді.
Индекстегі қағаздармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 1,6 есе азайып, 1,059 млрд теңгені құрады. Жекелеген акцияларда қозғалыс айтарлықтай болғанымен, олардың индекс салмақтары мен қарама-қарсы динамикасы KASE көрсеткішін іс жүзінде бір деңгейде ұстап қалды.