KASE индексі 2% төмендеді: аптаның ең әлсіз акциясы қайсы

Жарияланды 14 Қыркүйек 2026 08:39

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
KASE акциясы төмендеді / фото: Kursiv Media

KASE индексі 7–11 қыркүйекті төмендеумен аяқтады. Дүйсенбі күнгі 8 036,64 пункттен жұмада 7 874,12 пунктке дейін түсіп, апталық есеппен 2,02% төмендеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Аптада ең көп өскен акция – ҚазТрансОйл (KZTO). Бағалы қағаз 1 192 теңгеден 1 214 теңгеге дейін қымбаттап, бір аптада 1,85% өсті. Одан кейін Кегок (KEGC) тұр: акция 1,28% қымбаттады.

ҚазМұнайГаз (KMGZ) аптаны 0,85%, ал Kcell (KCEL) 0,34% өсіммен аяқтады. Осылайша индекс құрамындағы он акцияның төртеуі ғана плюсте қалды.

Банк ЦентрКредит (CCBN), Қазақтелеком (KZTK) және Air Astana (AIRA) акцияларындағы төмендеу 1%-ға жеткен жоқ. Halyk Bank (HSBK) бір аптада 1,68% арзандады.

KASE: апта қорытындысы
7–11 қыркүйек 2026 жыл
KASE
Компания
7 қыркүйек → 11 қыркүйек
Апта
KZTO ҚазТрансОйл
1 192,00 1 214,00 ₸
+1,85%
KEGC Кегок
1 500,00 1 519,15 ₸
+1,28%
KMGZ ҚазМұнайГаз
35 200,00 35 499,99 ₸
+0,85%
KCEL Kcell
3 170,03 3 180,65 ₸
+0,34%
CCBN Банк ЦентрКредит
4 795,86 4 780,00 ₸
−0,33%
KZTK Қазақтелеком
44 715,24 44 558,88 ₸
−0,35%
AIRA Air Astana
675,00 670,02 ₸
−0,74%
HSBK Halyk Bank
384,68 378,20 ₸
−1,68%
KZAP Қазатомөнеркәсіп
33 750,00 31 890,01 ₸
−5,51%
KSPI Kaspi.kz
48 101,01 44 100,10 ₸
−8,32%
KASE индексі 7 қыркүйек → 11 қыркүйек
8 036,64 → 7 874,12
−2,02%

Аптадағы ең үлкен төмендеу екі акцияда байқалды. Қазатомөнеркәсіп (KZAP) 5,51% арзандаса, Kaspi.kz (KSPI) акциялары 48 101,01 теңгеден 44 100,10 теңгеге дейін түсіп, 8,32% төмендеді.

Жұма күнінің өзі де нарық үшін әлсіз өтті: 11 қыркүйекте KASE индексі бір күнде 1,64% төмендеген. Сол күні Kaspi.kz 4,6%, Қазатомөнеркәсіп 4,7% арзандады.

Айта кетейік, KASE-нің қазіргі өкілдік тізімінде AIRA, CCBN, HSBK, KCEL, KEGC, KMGZ, KSPI, KZAP, KZTK және KZTO бар. Яғни бұл апталық есеп индекс құрамындағы барлық 10 акцияны қамтиды.

Сондай-ақ оқыңыз