Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болды – Жұманғарин жауап берді

Жарияланды 23 Қыркүйек 2026 11:58

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Фото: kursiv.media

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайдың жалпы отырысында Қазақстанның сыртқы қарызы туралы айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қазір біздің сыртқы қарызымыз – 8,4 трлн теңге. Бұл жалпы ішкі өнімге шаққанда 4,5 пайызды құрайды. Халықаралық деңгеймен салыстырғанда, бұл өте төмен көрсеткіш деп есептеледі. 1 шілдедегі статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта мемлекеттің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 20 пайызға дейін төмендеді. Себебі жалпы ішкі өніміміз өсіп жатыр», – деді Серік Жұманғарин Құрылтай депутатының сауалына берген жауабында.

Министрдің айтуынша, мемлекеттің барлық алған қарызы бақылауда тұр.

«1 шілдедегі жағдай бойынша Үкіметтің қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 пайызды, ал мемлекеттік қарыз 20,9 пайызды құрайды. Біздің индикатор бойынша бұл көрсеткіш 32 пайыздан аспауы керек. Сондықтан жағдай тұрақты. Біз мемлекеттік қарызы ең төмен елдердің қатарындамыз», – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Қазақстан Азия банкінен 6 млрд доллар көлемінде қаржы тартуды көздеп отыр. Құрылтай отырысында ол үшінші оқылымда қаралады.

Сондай-ақ оқыңыз