
Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары әлемдегі ірі инвестициялық индекстердің бірі – GBI-EM дамушы нарықтар индексіне енгізілуі мүмкін. Себебі J.P. Morgan Қазақстанды бақылаудың оң тізіміне қосқан, деп хабарлайды Kursiv.media.
Енді алдағы 12 айда халықаралық инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік облигациялар нарығына қолжетімділігі бағаланады.
Сонымен қатар халықаралық клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымы арқылы нарыққа кіру мүмкіндігі мен индекс талаптарына сай облигациялардың өтімділігі қарастырылады.
Бұл мәртебе Қазақстан қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту және халықаралық инвесторлар үшін қаржы құралдарының қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысының нәтижесі болып отыр.
Қаржы министрлігі хабарлағандай, Қазақстан облигациялары индекс құрамына енсе, шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып, нарықтағы өтімділік жоғарылауы мүмкін.
Сондай-ақ бұл Қазақстанның халықаралық нарықтан қарыз алу құнын төмендетуге ықпал етуі ықтимал.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан қаржылық қызметтерді пайдалану бойынша Орталық Азияда көш бастады