«Әлеумет» порталы арқылы 463 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам қызмет алған 

Жарияланды 12 Қазан 2026 17:35

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қызметтер түрлі бағытта көрсетілген/ kursiv.media архиві

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 463 205 қызмет көрсетілді. Оның ішінде жеке көмекші мен ым-ишара тілі маманының қызметтері, сондай-ақ санаторий-курорттық емделу бар, деп жазады Kursiv.Media. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, көрсетілген қызметтердің 330 300-і оңалту, 8 600-і ым-ишара тілі маманы қызметіне, 27 400-і жеке көмекші қызметіне және 96 905-і санаторий-курорттық емделуге қатысты қызметтер бар.

Есепті кезеңде порталда 75 062 адам белсенді қызмет алушы ретінде тіркелген. 

Портал арқылы азаматтар протездік-ортопедиялық бұйымдарға, есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған арнайы құралдарға, жүріп-тұру және гигиеналық құралдарға тапсырыс бере алады. 

Сондай-ақ жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметін таңдап, санаторий-курорттық емделуге өтінім беруге мүмкіндік бар.

Қызмет алушылар жеткізушілердің ұсыныстарын салыстырып, өздеріне қолайлы тауарлар мен қызметтерді таңдай алады. 

Порталды пайдалану бойынша кеңес алу үшін азаматтар Aidana чат-ботына жүгіне алады. Сонымен қатар жергілікті әлеуметтік қорғау органдары жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында мамандардан көмек алуға болады.

«Әлеумет» порталы қызмет алушылар мен жеткізушілерді тікелей байланыстырып, мүгедектігі бар адамдардың қажетті оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауына мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: Мүгедектігі бар азаматтарға қандай төлемдер қарастырылған

Сондай-ақ оқыңыз