
Қазақстанда мемлекеттік грантпен білім алатын бір студентті оқытуға бюджеттен жылына орта есеппен 803,9 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Ал шетелдік университеттердің филиалдары мен халықаралық бағдарламалардағы гранттардың құны жеке нормативтер бойынша есептеледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі Kursiv.Media тілшісінің сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 2024 жылғы 18 наурыздағы №118 бұйрықпен бекітілген. Қаржыландыру көлемі университеттің мәртебесі мен білім беру бағытына байланысты өзгереді.
Ал бұйрыққа сәйкес, 2026–2027 оқу жылында басқа жоғары оқу орындарында педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бір студентті оқытуға жылына 1 млн 8 мың теңге, ал ерекше мәртебесі бар университеттерде 1 млн 139,2 мың теңге қарастырылған.
Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағытында бұл көрсеткіш 1 млн 55,9 мың және 1 млн 209,3 мың теңге болса, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласында 803,9 мыңнан 905,8 мың теңгеге дейін жетеді.
Грантпен оқуға бөлінетін қаражат
2026–2027 оқу жылы. Бір білім алушыны оқытуға жылына жұмсалатын орташа шығын, мың теңге
Арнайы бағдарламалар (мың ₸/жыл)
- Назарбаев Университеті1 250 грант 5 245,273
- ЖЖОКБҰ даярлық бөлімдері1 750 орын 344,8
- Назарбаев Университетінің даярлық бөлімі550 орын 4 448,326
- Шетел азаматтарына арналған стипендиялық бағдарлама 490 орын 1 кредит – 10 597 ₸ 635,8
- Резерв (ерекше мәртебелі / басқа ЖОО) 280 орын 1 кредит: 17 330 / 15 413 ₸ 1 039,8 / 924,8
Шетелдік филиалдар мен бірлескен бағдарламалар (МГУ, МИФИ, Heriot-Watt, Аризона, Cardiff, Coventry және т.б.) үшін сома бұйрықта көрсетілмеген: қаржыландыру 2023 ж. № 311 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
Арнайы бағдарламалар: бакалавриат, 2025–2026 оқу жылы (мың ₸/жыл)
- Назарбаев Университеті5 509,7 – 6 544,8
- Ломоносов атындағы МГУ филиалы2 517,1
- Губкин атындағы университет филиалы2 041,2
- МИФИ филиалы1 824,6
- Аризона (СҚУ), екі дипломдық4 805,5
- Heriot-Watt (Ақтөбе), екі дипломдық4 328,0
- Queen’s University Belfast (Нархоз)5 054,0
- City University of Hong Kong (Сәтбаев)5 095,0
Бұл – алдыңғы оқу жылының деректері. Назарбаев Университеті үшін диапазон екі қосымшадағы сомаларды көрсетеді; 1,05 арттыру коэффициенті қолданылады.
Негізгі магистратура
Арнайы бағдарламалар (мың ₸/жыл)
- Назарбаев Университеті495 грант 5 695,944
- Шетел азаматтарына арналған стипендиялық бағдарлама 50 орын 1 кредит – 10 772 ₸ 646,3
Резидентура (мың ₸/жыл)
- Резидентура: денсаулық сақтау (ерекше мәртебелі / басқа ЖОО) 2 500 орын 1 939,9 / 1 811,3
- Резидентура: Назарбаев Университеті20 орын 3 436,4
Докторантура: Ғылым және жоғары білім министрлігі және басқа ведомстволар (мың ₸/жыл)
- Ғылыми-педагогикалық докторантура 2 695 орын 1 кредит – 37 060 ₸ 2 223,6
- Бейіндік докторантура 120 орын 1 кредит – 37 060 ₸ 2 223,6
- Назарбаев Университеті6 267,244
- Шетел азаматтарына арналған стипендиялық бағдарлама 1 кредит – 21 783 ₸ 1 307,0
- ІІМ: Басқару академиясы10 орын9 092
- ІІМ: Алматы академиясы4 орын4 788
- ІІМ: Қарағанды академиясы3 орын5 309
- ІІМ: Қостанай академиясы3 орын5 480
- Бас прокуратура10 орын8 914,8
- Денсаулық сақтау (ерекше мәртебелі / басқа ЖОО) 160 орын 1 607,3 / 1 590,6
Докторантурада 1 кредит – 37 060 ₸ (ғылыми-педагогикалық және бейіндік), шетелдіктерге арналған стипендиялық бағдарлама бойынша – 21 783 ₸.
Бакалавриат (мың ₸/жыл)
- ІІМ: Алматы академиясы370 орын3 804
- ІІМ: Қарағанды академиясы320 орын3 566
- ІІМ: Қостанай академиясы310 орын3 449
- ІІМ: Ақтөбе заң институты250 орын2 907
- ТЖМ: Азаматтық қорғау академиясы3 356,0
- Денсаулық сақтау (ерекше мәртебелі / басқа ЖОО) 2 700 орын 1 230,7 / 1 218,3
- Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 660 орын 1 кредит – 13 398 ₸ 803,9
- Қазақ ұлттық спорт университеті 140 орын 1 кредит – 13 398 ₸ 803,9
Магистратура (мың ₸/жыл)
- ІІМ: Басқару академиясы20 орын5 486
- ІІМ: Алматы академиясы5 орын4 981
- ІІМ: Қарағанды академиясы5 орын5 037
- ІІМ: Қостанай академиясы5 орын5 005
- ІІМ: Ақтөбе заң институты5 орын4 467
- Бас прокуратура: құқық, ғыл.-пед.25 орын 7 913,5
- Бас прокуратура: қоғамдық қауіпсіздік, ғыл.-пед.25 орын 7 913,5
- Бас прокуратура: қоғамдық қауіпсіздік, бейіндік10 орын 7 947,2
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі120 орын 9 222,0
- Жоғарғы Сот Кеңесі60 орын13 394,12
- ТЖМ: Азаматтық қорғау академиясы10 орын 9 167,0
- Денсаулық сақтау (ерекше мәртебелі / басқа ЖОО) 325 орын 1 199,5 / 1 187,7
- Халықаралық туризм және меймандостық университеті 25 орын 1 кредит – 7 581 ₸ 454,9
Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 ж. 18 наурыздағы № 118 бұйрығына 5- және 6-қосымшалар (2026 ж. 17 шілдедегі № 340 бұйрықпен жаңа редакцияда); 2025–2026 оқу жылының деректері – 2025 ж. 24 желтоқсандағы № 589 бұйрық.
Шетелдік университеттерге бөлінетін қаржы қалай есептеледі
Министрліктің түсіндіруінше, халықаралық келісімдер негізінде немесе уәкілетті органның шешімімен ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен бірлескен білім беру бағдарламаларын қаржыландыру бөлек тәртіппен жүзеге асырылады.
Олардың грант құны ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі №311 бұйрығына сәйкес жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру негізінде есептеледі.
2026 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі форматы аясында 33 шетелдік жоғары оқу орны жұмыс істеген. Олардың қатарында филиалдар, стратегиялық серіктестік негізіндегі және бірлескен білім беру бағдарламалары бар.
Алдағы уақытта тағы бірнеше шетелдік университеттің филиалын ашу жоспарланып отыр.
Бос қалған гранттар қайта бөлінеді
Министрліктің мәліметінше, негізгі конкурс қорытындысында бос қалған білім беру гранттары студенттер арасында қайта бөлінеді. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері мен GPA көрсеткіші негізінде өткізіледі. Гранттарды бөлу туралы шешімді республикалық комиссия қабылдайды.
Ал магистратураға негізгі қабылдау кезінде игерілмей қалған гранттар қысқы қабылдау барысында конкурстық негізде қайта ұсынылады.
Тағы да оқыңыз: Магистратура мен докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталады