Таңғы дайджест: нарық пен экономикадағы басты жаңалықтар

Жарияланды 10 Қараша 2026 07:23

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Kursiv Media өткен күннің нарықтағы басты өзгерістері мен экономикадағы маңызды жаңалықтарын бір жерге жинады. Теңге бағамы, мұнай, алтын, Bitcoin, KASE акциялары мен әлемдік индекстердің өзгерісін қысқаша шолып, кеше жарияланған негізгі материалдарды ұсынамыз. Дүйсенбінің басты жаңалықтары мынадай:

Әлемдік нарықта мұнайдың арзандауы басты оқиға болды. Brent бағасы барреліне 92,57 долларға дейін төмендеді. АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты үміт мұнай жеткізіліміне төнетін қауіп азаюы мүмкін деген болжамды күшейтті. Мұнай бағасының төмендеуі инфляцияға қатысты алаңдаушылықты азайтып, АҚШ қор нарығының өсуіне ықпал етті.

НАРЫҚТАР

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы
9 ҚАРАША 2026
USD / KZT
448,82 ₸
KASE · 17:00
АЛТЫН
≈ $4 107
▲ ≈1,0%
BRENT
$92,57
▼ 5,85%
BITCOIN
≈ $74 930
BTC/USD · анықтамалық
KASE ИНДЕКСІ
7 872,77
▲ 0,73%
S&P 500
7 549,94
▲ 2,35%
NASDAQ
25 253,14
▲ 2,74%

Қор нарығы · KASE акциялары

KZAP
Қазатомөнеркәсіп
27 980,00 ₸
+2,3%
KEGC
Кегок
1 478,02 ₸
+1,6%
KZTO
ҚазТрансОйл
1 383,60 ₸
+1,0%
KCEL
Kcell
3 176,31 ₸
+0,9%
HSBK
Halyk Bank
372,00 ₸
+0,6%
CCBN
Банк ЦентрКредит
5 437,99 ₸
+0,5%
AIRA
Air Astana
680,00 ₸
+0,4%
KSPI
Kaspi.kz
41 700,00 ₸
+0,2%
KMGZ
ҚазМұнайГаз
36 000,17 ₸
−0,002%
KZTK
Қазақтелеком
45 451,00 ₸
−0,2%
9 ҚАРАША 2026

ДҮЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономика, қаржы және бизнес
01
БАНК СЕКТОРЫ

Бизнеске берілген несие 16,4 трлн теңгеге жетті

Қазақстанда кәсіпкерлерге берілген несие көлемі бір жылда 14,2% өсті.

ОҚЫҢЫЗ ↗
02
ЭНЕРГЕТИКА

Қазақстанда электр энергиясы 11,7% қымбаттады

Электр плитасы бар үйлер үшін 100 кВт·сағ электр энергиясының құны қаңтардан қазанға дейін 283 теңгеге өсті.

ОҚЫҢЫЗ ↗
03
БАНК

Beeline иесі Қазақстанда цифрлық банк ашпақ

VEON компаниясы 2027 жылдың соңына дейін цифрлық банк құрып, депозит тартуға мүмкіндік беретін лицензия алуды жоспарлап отыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗
04
МҰНАЙ

Brent мұнайы 98 доллардан төмендеді

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты үміт мұнай бағасына қысым түсірді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
05
ЭКСПОРТ

Қазақстан Қытайға $108 млн май өнімін экспорттамақ

Отандық май өндірушілер Шанхайдағы халықаралық көрмеде экспорттық келісімшарттарға қол қойды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
06
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ақмола облысы 6,3 млн тонна астық жинады

Өңір 2026 жылғы егін жинау қорытындысында Қазақстан бойынша бірінші орынға шықты.

ОҚЫҢЫЗ ↗
07
СЫРТҚЫ САУДА

Қазақстан $5 млн дәмдеуіш экспорттады

Отандық дәмдеуіштер мен тұздықтарға Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан нарықтарында сұраныс артып келеді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
08
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қазақстанда бес жаңа су қоймасы салынып жатыр

Елде 746 каналды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету жақсартылмақ.

ОҚЫҢЫЗ ↗
09
ҚОР НАРЫҒЫ

Әлемдік қор нарығы құлдырады, теңге нығайды

Kursiv Media өткен аптадағы акциялар, валюта және шикізат нарығындағы негізгі өзгерістерді қорытындылады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
10
САУДА

Маркетплейстерде лицензиясыз дәрі сатуға шектеу қойылуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі интернет арқылы дәрі-дәрмек сататын ұйымдарға бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗

Қазақстан экономикасында банк секторы мен коммуналдық төлемдерге қатысты жаңалықтар назар аудартты. Бизнеске берілген несие көлемі бір жылда 14,2% өсіп, 16,4 трлн теңгеге жетті. Ал электр плитасы бар үйлер үшін 100 кВт·сағ электр энергиясының құны қаңтардағы 2 425 теңгеден қазанда 2 708 теңгеге дейін қымбаттаған.Казахстан


Сондай-ақ оқыңыз