Таңғы дайджест: нарық пен экономикадағы басты жаңалықтар

Жарияланды 17 Қараша 2026 07:16

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

16 қарашада Қазақстан қор нарығы төмендеумен аяқталды. Теңге долларға қатысты аздап әлсіреді. АҚШ-та технологиялық компаниялардың акциялары жаппай арзандап, S&P 500 және Nasdaq индекстері едәуір төмендеді. Алтын мен мұнай бағасы да құлдырады. Криптонарықта Bitcoin 65 мың доллар шамасында саудаланды.

Теңге және Қазақстан қор нарығы

Дүйсенбіде KASE-дегі доллардың кешкі орташа бағамы 444,51 теңгені құрады. Бұл жұмадағы көрсеткіштен 11 тиынға жоғары.

Қазақстан қор биржасының KASE индексі 0,39% төмендеп, 7 791,87 тармақпен жабылды. Индекс құрамындағы он акцияның алтауы арзандады.

Ең үлкен төмендеу Қазатомөнеркәсіп (KZAP) акциясында тіркелді — 1,99%. Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,89%, Air Astana (AIRA) 0,49% арзандады. ҚазМұнайГаз (KMGZ) акциясы 0,36% төмендеді.

Ал Kaspi.kz (KSPI) 0,5%, Halyk Bank (HSBK) 0,16% қымбаттады. Kcell (KCEL) мен Қазақтелеком (KZTK) акцияларының бағасы іс жүзінде өзгермеді.

АҚШ қор нарығы: Nvidia акциялары тағы құлдырады

16 қарашада АҚШ-тың негізгі қор индекстері төмендеді. S&P 500 индексі 1,92% арзандап, 7 416,59 тармаққа түсті. Технологиялық компаниялардың акцияларын қамтитын Nasdaq Composite 2,49% төмендеп, 24 509,76 тармақпен жабылды.

Nvidia акциясы бір күнде 4,1% арзандады. Инвесторларды компания басшылығындағы өзгерістер, Қытайға озық чиптер экспорттауға қатысты шектеулер және жасанды интеллект секторындағы компаниялардың жоғары бағалануы алаңдатып отыр.

Криптонарық: Bitcoin 65 мың долларға түсті

Криптовалюта нарығында Bitcoin бағасы шамамен 65 026 доллар болды. Күн ішінде оның бағасы 62 600 долларға жақындағаны хабарланды.

Нарыққа инвесторлардың тәуекелді активтерден бас тартуы, АҚШ долларының күшеюі және пайыздық мөлшерлемелерге қатысты белгісіздік қысым жасап отыр.

Алтын мен мұнай арзандады

Әлемдік нарықта алтын фьючерсінің бір трой унциясы 0,83% арзандап, 3 847,40 долларға түсті. Қымбат металға АҚШ долларының нығаюы мен мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі қысым жасады.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,5% төмендеп, барреліне 92,44 доллар болды. Бағаның арзандауына Таяу Шығыстағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу мүмкіндігіне қатысты күтулер әсер етті.

16 ҚАРАША 2026

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы

USD / KZT
444,51 ₸
▲ 0,11 ₸
АЛТЫН · ФЬЮЧЕРС
$3 847,40
▼ 0,83%
BRENT
$92,44
▼ 3,5%
BITCOIN
≈ $65 026
Күн ішіндегі баға
KASE ИНДЕКСІ
7 791,87
▼ 0,39%
S&P 500
7 416,59
▼ 1,92%
NASDAQ COMPOSITE
24 509,76
▼ 2,49%

Қор нарығы · KASE акциялары

KSPI
Kaspi.kz
40 119,99 ₸
+0,50%
HSBK
Halyk Bank
372,48 ₸
+0,16%
KCEL
Kcell
3 190,87 ₸
0,00%
KZTK
Қазақтелеком
45 170,00 ₸
0,00%
KZTO
ҚазТрансОйл
1 379,87 ₸
−0,01%
KEGC
Кегок
1 479,00 ₸
−0,07%
KMGZ
ҚазМұнайГаз
35 871,02 ₸
−0,36%
AIRA
Air Astana
669,02 ₸
−0,49%
CCBN
Банк ЦентрКредит
5 440,00 ₸
−0,89%
KZAP
Қазатомөнеркәсіп
27 150,00 ₸
−1,99%
16 ҚАРАША 2026

ДҮЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономика, қаржы, инвестиция және бизнес

01
СЫРТҚЫ САУДА

Қазақстан экспортының 49 пайызы – мұнай

Тоғыз айда Қазақстан 24 мемлекетке 33,7 млрд доллардың шикі мұнайын экспорттады. Ең ірі сатып алушы – Италия.

ОҚЫҢЫЗ ↗
02
БАНК СЕКТОРЫ

Халықтың депозиттегі ақшасы 800 млрд теңгеге өсті

Қазанда жеке тұлғалардың банктердегі жинағы 29,4 трлн теңгеге жетті. Бір айдағы өсім 800 млрд теңгені құрады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
03
МҰНАЙ

Goldman Sachs Brent бағасы 78 долларға түсуі мүмкін дейді

Инвестициялық банк 2027 жылдың соңында Brent бағасы 78 долларға дейін төмендеуі мүмкін екенін болжады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
04
ҰЛТТЫҚ ҚОР

Балаларға Ұлттық қордан 901,7 млн доллар аударылды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 2026 жылы балалардың жинақ шоттарына 901,7 млн доллар бағытталды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
05
ИНВЕСТИЦИЯ

Қытай инвесторлары цемент зауытына 70,2 млрд теңге салмақ

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында жылына 1 млн тонна цемент шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗
06
ӨҢІРЛЕР ЭКОНОМИКАСЫ

Батыс Қазақстанда экономикалық өсім 8,1% төмендеді

Он айда Түркістан облысында экономикалық белсенділік 17,6% артса, Батыс Қазақстан облысында 8,1% төмендеді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
07
ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІ

Қазақстанда 69 млрд тонна кен қалдығы жиналған

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекет меншігіндегі 44 кен қалдығы нысанын аукционға шығаруды жоспарлап отыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗
08
КОРПОРАТИВТІК ҚАРЖЫ

Ким мен Огайға тиесілі компания 1,5 млрд доллар пайда тапты

Kazakhmys Holding Limited компаниясының 2025 жылғы таза табысы алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 80 есе артқан.

ОҚЫҢЫЗ ↗
09
ӘЛЕМДІК БИЗНЕС

Дженсен Хуанг Nvidia-ға қайта оралуы мүмкін

Басшылықтағы өзгерістерден кейін Nvidia компаниясының бұрынғы басшысын қайта тағайындау мәселесі талқыланып жатыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗
10
ҚОР НАРЫҒЫ

Теңге нығайды, Bitcoin арзандады: аптаның нарық қорытындысы

Өткен аптада теңге нығайып, KASE индексі төмендеді. Әлемдік нарықта алтын мен Bitcoin арзандап, Nvidia акциялары назарда болды.

ОҚЫҢЫЗ ↗

Қазақстан экономикасындағы басты жаңалықтар

Қазақстан экспортының жартысына жуығы мұнайға тәуелді. Тоғыз айда ел 24 мемлекетке 33,7 млрд доллардың шикі мұнайын экспорттады. Оның жалпы экспорттағы үлесі 49%-ға жуықтады. Қазақстан мұнайын ең көп сатып алған ел — Италия.

Сонымен қатар Goldman Sachs инвестициялық банкі Brent мұнайының бағасы 2027 жылдың соңына қарай 78 долларға дейін төмендеуі мүмкін деген болжам жасады.

Халықтың банктердегі жинағы көбейді. Қазанда жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 800 млрд теңгеге артып, 29,4 трлн теңгеге жетті.

Ұлттық қорға қатысты да жаңа деректер жарияланды. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы балалардың жинақ шоттарына жалпы 901,7 млн доллар бағытталған.

Инвестиция және өнеркәсіп. Қытай инвесторлары Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында цемент зауытын салуға 70,2 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына 1 млн тонна цемент өндіруге есептелген.

Өнеркәсіп саласында тағы бір мәселе көтерілді. Қазақстанда 69 млрд тонна кен қалдығы жиналған. Үкімет мемлекет меншігіндегі 44 нысанды аукцион арқылы инвесторларға ұсынуды жоспарлап отыр. Мұндай қалдықтардан алтын мен сирек металдарды қайта өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.

Ал корпоративтік секторда Kazakhmys Holding Limited компаниясының қаржылық нәтижесі назар аудартты. Ким мен Огайға тиесілі компанияның 2025 жылғы таза табысы шамамен 1,5 млрд долларға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 80 есеге жуық өскен.

Сондай-ақ оқыңыз