Алматыда бір бөлмелі пәтер бағасы қанша

Жарияланды 24 Қараша 2026 12:20

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Алматыда 29 млн теңгеге Алмалы ауданынан 33 шаршы метрлік, ал Түрксібтен 48 шаршы метрге жуық бір бөлмелі пәтер табуға болады. Екі хабарландырудағы баға айырмасы небәрі 100 мың теңге. Бірақ сол ақшаға Түрксібте 15 шаршы метрге жуық қосымша орын тиеді. Kursiv Media тұрғын онлайн тұрғын үй базары саналатын Krisha.kz сайтындағы қараша айының хабарландыруларын қарап, Алматының сегіз ауданында бір бөлмелі пәтерді қаншаға ұсынып жатқанын саралады.

АуданХабарландырудағы мекенжайАуданыСатушы сұраған баға1 м² бағасы
МедеуХалиуллин көшесі29 м²19,3 млн теңге666 мың теңге
Әуезов10А шағынауданы33 м²23,35 млн теңге708 мың теңге
НаурызбайAlma City 4 тұрғын үй кешені38 м²24,5 млн теңге645 мың теңге
АлатауАлғабас шағынауданы45,9 м²28,5 млн теңге621 мың теңге
АлмалыБөгенбай батыр көшесі33 м²28,8 млн теңге873 мың теңге
ТүрксібҚайрат шағынауданы47,9 м²28,9 млн теңге603 мың теңге
ЖетісуАйнабұлақ ш.а33,3 м²26,5 млн теңге1,02 млн теңге
БостандықНазарбаев даңғылы40 м²46,5 млн теңге1,16 млн теңге

25 млн теңгеге қандай пәтер алуға болады?

Әуезов ауданындағы 10А шағынауданында 33 шаршы метрлік пәтер 23,35 млн теңгеге қойылған. Ол 1968 жылы салынған төрт қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Хабарландыруда пәтердің кепілде тұрғаны және сатушының ипотека арқылы сатып алу нұсқасын қарастырмайтыны көрсетілген.

Наурызбай ауданындағы Alma City 4 тұрғын үй кешенінде 38 шаршы метрлік пәтерге 24,5 млн теңге сұрап отыр. Үй 2022 жылы салынған. Пәтер бірінші қабатта, жөнделген және ішінара жиһаздалған. Бұл пәтер де кепілде. Екі ұсыныстың айырмасы 1,15 млн теңге. Осы сомаға Наурызбайдағы нұсқаның ауданы 5 шаршы метрге үлкен, үйі де кейін салынған.

Тұрғын үй бағасына не әсер етеді

Алматыда бір бөлмелі пәтердің бағасына оның ауданы, үйдің салынған жылы мен жөндеу жағдайы, сондай-ақ қала орталығына, метроға және аялдамаға жақындығы әсер етеді. Мысалы, Алмалы ауданындағы Бөгенбай батыр көшесінде 33 шаршы метрлік пәтер 28,8 млн теңгеге ұсынылса, Түрксібтің Қайрат шағынауданында 28,9 млн теңгеге 47,9 шаршы метр алуға болады. Бағасы шамалас екі пәтердің ауданы 15 шаршы метрге жуық айырмашылық жасайды. Бір сатып алушы үшін орталыққа жақын тұрып, жолға аз уақыт жұмсау маңызды болса, екіншісі сол бюджетке кеңірек баспана іздейді. Ал бағасы қолжетімді көрінген пәтердің кепілде тұруы немесе жөндеуді қажет етуі сатып алу шарттары мен жалпы шығынға әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз