Жылына мың тонна қағаз өңдейді: Түркістан облысында жаңа кәсіпорын ашылды

Жарияланды 24 Қараша 2026 11:18

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қағаз өңдейтін кәсіпорын ашылды/ gov.kz

Түркістан облысында қағаз қалдықтарын қайта өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды. «Sadyk-bereke» ЖШС салған өндіріс орны жылына  мың тонна макулатураны өңдей алады. Жобаның құны – 64 млн теңге.

Кәсіпорын биыл пайдалануға берілген. Оның іске қосылуы өңірде қағаз қалдықтарын қайта өңдеу көлемін арттырып, макулатураны қайталама шикізат ретінде өндіріске қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоба «Жасыл даму» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан қалдықтарды қайта өңдеу саласын қолдау бағдарламасы аясында іске асқан.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, кәдеге жарату төлемінен түскен қаражат есебінен 34 жобаны қаржыландыруға 122,6 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 15 жоба іске асырылды.

Осы жобалар аясында 131 арнайы техника сатып алынып, жылына 290 мың тонна қалдықты сұрыптайтын желілер іске қосылған. Сонымен қатар жылына 19,3 мың тонна қалдықты қайта өңдей алатын өндіріс орындары пайдалануға берілген.

Adata.kz мәліметтеріне сәйкес, «Sadyk-bereke» ЖШС 2017 жылғы 12 желтоқсанда тіркелген. Кәсіпорын Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылында орналасқан. Компанияның басшысы – Садык Жиренбайов. Негізгі қызмет бағыты қағаз және картоннан бұйымдар өндіру болса, қосымша қызмет түрі металл емес қалдықтарды қайта өңдеу. Кәсіпорын шағын бизнес санатына жатады. 2026 жылы компанияның салық аударымдары 1,36 млн теңгені құраған.  

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 150 мың тонна жүгеріні өңдейтін зауыт іске қосылды

Сондай-ақ оқыңыз