Назым Қызайбай бокстан Қазақстан құрамасының капитаны атанды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Федерацияның мәліметінше, Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өткен. «Жиын барысында талқыланған маңызды мәселенің бірі – жаңа құрама капитанын сайлау. Нәтижесінде спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы…