Атырау қаласының маңындағы Геолог ықшамауданында бұған дейін жоғалып кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары – Наурыз бен Мирамгүлдің денелері табылды. Бұл туралы Ақжайық хабарлады. Мәйіттер осыған дейін күдікті Сұлтан Сәрсемалиев әйелімен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан анықталған.
Тергеу мәліметінше, кеше Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Алматы қаласына жеткізілген. Алматыда күдікті тергеу барысында Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін Геолог ықшамауданындағы бұрын өзі жалдап тұрған үйдің ауласына көміп тастағанын айтқан.
Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген мекенжайда қайтадан қазу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалып кеткен екі адамның денелері табылды.
Еске салайық, Жангелдин ауылының тұрғындарын іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан...