Ақбөкендердің тығыздығының жоғарылауына байланысты ауыл шаруашылығы жануарларының ауру қаупі бар.
«Ашық НҚА» порталында талқыланып жатқан Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті дайындаған құжатта осылай жазылған.
Қоғамдық талқылаудан соң Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы Жануарлар дүниесін қорғауға қатысты бұйрығына өзгеріс енгізуді көздейтін құжат редакцияланған нұсқада қолданылады. Тапсырманың орындалуын бақылау осыған жауапты Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелген.
Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасына салыстырма кестеде:
«2023 жылғы авиациялық есепке алу деректері бойынша Қазақстанда ақбөкендердің саны 1,9 млн-нан астам дараққа жетті, үш популяцияның өсімі 597 мың дарақты немесе...