Сенбі күні кейбір бұқаралық ақпарат құралдары экс-президенттің туған інісі, Болат Назарбаевтың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпарат таратты.
365info.kz порталының хабарлауынша, Болат Назарбаев жұма күні кешкі уақытта шұғыл түрде Орталық клиникалық аурухана жеткізілген. Миокард инфаркті қайталанған болуы ықтимал деп жазады, портал.
«Қазіргі таңда Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және бір қалыпты емес, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштері нашарлап бара жатқаны байқалады», деп жазады басылым.
Алайда, бұл ақпараттық портал ешбір дереккөзге сілтеме келтірмепті.
КазТАГ ақпарат агенттігі де Болат Назарбаевтың хәлі күрт нашарлағаны туралы ақпарат таратты.
КазТАГ агенттігі жағдаймен таныс дереккөзге сілтеме жасап: Болат Назарбаев...