Фото: kursiv.media
Мәдение және ақпарат министрлігі әлемдегі екінші криптобиржа – Сoinbase сайтының Қазақстан аумағында неге бұғатталғанын түсіндірді. Қазір https://www.coinbase.com сайты елімізде ашылмай тұр. Министліктің ресми жауабында аталмыш сайт «Қазақстан Республикасындағы Цифрлық активтер туралы» заңды бұзған соң бұғатталғаны жазылған.
Ақпарат комитетіне Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігінен сайтты бұғаттау туралы сұраныс келіп түскен.
«Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен https://www.coinbase.com интернет-ресурсын бұғаттау туралы сұраныс келіп түсті. Аталмыш сайт «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңның 11-бабы, 5-тармағын бұзған. Осыған байланысты, уәкілетті органның 20 шілдедегі № 23-01-3-23/2846 бұйрығымен Қазақстан...