Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру идеясына не түрткі болғанын және ұйым қызметінен нақты не күтетінін «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты.
Мемлекет басшысы орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы бастама көтерген кезде әлемдік тәжірибені басшылыққа алғанын, кезінде француз, неміс, испан және басқа да тілдерді дамыту үшін осындай халықаралық ұйымдар құрылғанын мысалға келтірді.
«Бүгінде БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі саналатын әрі халықаралық тіл мәртебесіне ие орыс тілі – мемлекеттеріміз арасындағы достық қарым-қатынасқа демеу болатын ұйыстырушы фактор. Сондай-ақ өңірлік кооперацияны, ынтымақтастық пен өзара сенімді нығайтатын пәрменді құрал рөлін атқарып отырғаны жасырын...