Алматы базарларының аумағындағы заңсыз құрылыс алаңы- шамамен 350 шаршы метр. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижелері базарлардың меншік иелері құрылыс жүргізуге тіпті жер учаскелеріне рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, жалпы сауда алаңын заңсыз ұлғайта отырып, сауда павильондарын тұрғызғанын көрсетті.
Пайда табу үшін меншік иелері павильондарды жалға заңсыз берген әрі олардың заңсыз екенін жасырған.
Бүгінде жұмыс істеп тұрған 60 базардың ішінен 37 базардың заңсыз екені анықталды, оларға әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, заңсыз павильондар салу есебінен базарлардың жалпы сауда алаңы едәуір ұлғайған.
Мәселен, олардың 7-і бойынша ішінара бұзу туралы сот шешім...