Тамыз айында АҚШ-тағы инфляцияның өсуіне қор нарығы сабыр танытты: сарапшылардың көпшілігі қазіргі көрсеткіш ФРЖ мөлшерлемесін өзгертуге жеткіліксіз деп санайды. Алайда Қытайда экономикадағы проблемаларға байланысты инвестицияның кетуі жалғасып жатыр. Осы және өзге де тақырыптарды қозғаған әлемдік БАҚ-қа шолуды оқыңыз.
АҚШ-та инфляция үдей түсті
The New York Times газетінің хабарлауынша, тамыз айында Америка Құрама Штаттарында тұтыну бағасы былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. Шілдеде инфляция 3,2% құрады. Тұтыну бағасы индексінің өсуіне газ бағасының қымбаттауы себеп болды. Сонымен қатар автокөлік сақтандыру мен әуе билеттерінің қымбаттауы да әсер етті.
Осы жарияланған тұтыну бағасы индексі – келесі сейсенбіде өтетін ФРЖ отырысына дейінгі соңғы деректерд...