Электронды сауда алаңына жылу қозғалтқышы бар торпедалар өндіруші Алматыдағы С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты сатылымға шықты.
«Машина жасау зауытының» 100% акцияларын сатуға арналған конкурс 12 наурызда сағат 10:00 тағайындалған. Өтінішті 12 наурыз сағат 08:00-ге дейін беру қажет. Тілек білдірушілер 110,7 млн теңгеге кепілдік жарна салуға тиіс. Бастапқы бағасы 6 144 491 882 теңге. Конкурс ағылшын мәнеріндегі сауда-саттық әдісі бойынша өтеді: кем дегенде екі өтінім болып, көп қаржы ұсынған жеңімпаз болады.
Міндеттер
Зауыттың акционері «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық Компаниясы мемлекеттік мүлік комитетіне тиесілі. Кәсіпорын 67 қызмет түрімен айналысады, оның ішінде шойын құю, түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу, сондай-ақ металл бұйымдарын өндіру бар.
Машина жасау зауытын сатып алу барысында жаңа иелеріне бірнеше талап қойылады:
Қызмет профилін сақтау; Штатты...