«Ақжол» партиясының депутаттары еліміздегі ірі банктерді бөлуді ұсынады. Олар нарықты монополиядан арылту қажет деп санайды. Оған қоса мобильді аударымдарды толық бақылаудан бас тартуға шақырды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында Азат Перуашев 6 ірі банк ЕДБ активтерінің 67 пайызына иелік етіп отырғанын айтты.
Депутаттың пайымдауынша, 6 банктің нарықтың үштен екі бөлігін иеленуі дұрыс емес. Банк секторындағы бәсекені арттыру мен несие беруді ынталандыру үшін ірі қаржы ұйымдарын бөлу қажет.
«Ақша-несие саласында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін барынша төмендетіп, банк нарығын монополиясыздандыру орынды деп санаймыз. Бүгінгі таңда алты ірі банк барлық екінші деңгейлі банктер активтерінің 67 пайызын (үштен екі бөлігін...