Шетелдіктердің ықтиярхат алуын жеңілдететін сұранысқа ие кәсіптер тізбесі өзгереді. «Ашық НҚА» порталында өзгерістер жобасы жарияланды.
Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ұсыныстары негізінде жасалған.
«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр», – деп жазылған құжатта.
Бұл тізімге денсаулық сақтау, жаратылыстану ғылымдары, өңдеу өнеркәсібі, IT-технологиялар, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және басқа да мамандықтар кірді.
«Тізбеде барлығы сұранысқа ие 51 кәсіп қарастырылады», – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...