Осы жылы оңтүстік өңірлердің шаруалары суармалы суды арзанға алады. Бұл жайлы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» мекемесі тұтынушылармен тікелей келісім-шартқа отырып жатыр. Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді және бірқатар тұтынушылар үшін қызметтер құнының арзандауына жол ашады.
«Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы министрлік шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатуға ниетті. «Қазсушар» мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша...