АҚШ Әділет министрлігі Ресейдің 700 миллион долларға жуық активтерін тәркілеуді ұсынды. Бұл жайлы «Ведомости» басылымы жазды.
Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан бері АҚШ Ресейдің 700 миллион долларға жуық активтерін бұғаттаған. Американың Әділет министрлігі сол қаражатты тәркілеуді ұсынып отырғанын АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд мәлімдеді.
«Біз санкцияға ұшыраған олигархтар мен ресейлік режимнің басқа жақтастарынан 700 миллион долларға жуық активтерін бұғаттадық, енді оларды тәркілеуді талап етіп отырмыз», – деді Гарланд.
Бұл қаражат тәркіленсе, нақты қандай мақсаттарға жұмсалатыны айтылмайды. Десе де, бұл қаражат Украинаға көмек ретінде берілуі мүмкін. Өйткен 2022 жылдың желтоқсанында АҚШ Сенаты ресейлік бизнесмендерд...