Қазақстан билігі Еуроодақ пен АҚШ Ресеймен байланысы үшін қазақстандық Еlem Group және Da Group22 компанияларына қатысты екінші мәрте санкция енгізетінін білген. Қазір аталмыш компаниялардың бірі таратылу деңгейінде. Бұл туралы «Курсивтің» ресми сауалына Сауда және интеграция министрлігі жауабында жазылған.
Министрлік хабарлауынша, Еlem Group компаниясы Еуроодақ пен АҚШ екінші мәрте санкцияларына ұшыраған. Тағы бір қазақстандық Da Group22 фирмасы тек америкалық санкциялар тізіміне енді.
«Аталған компанияларға қатысты батыс елдерінің жоспары туралы санкция мәселелері бойынша сыртқы серіктестермен диалог кезінде алдын ала білдік», — делінген хабарламада.
Аталмыш компаниялар 2023 жылдың мамыр және маусым айларынан бастап импорт пен экспортқа қатыспай келген. Қазір Еlem Group компаниясы тарау процесіне көшкен.
Сауда министрлігі қазақстандық тарап Ресеймен саудада қандай да бір санкциялар мен...