Қазақстанда коммуналдық тариф өсе береді /Фото: kursiv.media
Қазақстанда коммуналдық тариф орта есеппен 20-25%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты.
Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі брифингте журналист вице-министрден: «Неге коммуналдық қызметтің төлемақысы әркімге әртүрлі келеді?» – деп сұрады. Бірінші вице-министр коммуналдық тарифтің құны біркелкі өспейтінін алға тартып, тариф кей өңірде жоғары, кей өңірде төмен екенін түсіндірді.
Журналист: «Коммуналдық қызмет ақысы алдағы уақытта тағы өсе ме?» – деп нақтылады. Бұл сұраққа Тимур Жақсылықов: «Бұған дейін еліміздің коммуналдық саласына тиісті деңгейде қаржы бөлінбеген. Түрлі апаттардың алдын алу үшін инфрақұрылымды жаңартып, инвестиция тарту керек. Инвестиция тартудың 2 көзі бар. Біріншісі, тариф...