Дамыған елдер 2030 жылға таман климаттың өзгерісімен күресті қаржыландыру көлемін күрт ұлғайтуға уәде беріп жатса, дамушы елдердің саясаткерлері бар күшімен осы әрекеттерге кеткен шығынды жабуға тырысып жатыр. Орта мерзімді стратегиялар қысқа мерзімді қауіпті жою үшін қолданылатындықтан, «жасыл» экономикаға көшудегі прогресс бұзылып, апатты салдарға әкелуі мүмкін. Project Syndicate медиа-ұйымының жаңа талдауында осындай ой айтылады.
Project Syndicate авторларының айтуынша, егер 2023 жылы дамушы елдер өз қарызын басқару тұрғысынан біраз қиындыққа тап болған болса, онда олар биыл да айтарлықтай проблемаларға ұшырайды. Шындап келгенде, олардың көпшілігі салыстырмалы түрде аз қарызға ие және төлем қабілетсіз деп те саналмайды. Бірақ көбісі өтімділікке өте мұқтаж. Сондықтан бұл...