Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасынан қазақстандықтардың дербес деректерін алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы БЖЗҚ хабарлады. Ал кибер шабуылдарды зерттеуші TSARKA ұйымы бұл елдегі деректерді қорғау жүйесінің осалдығы екенін жазады. Цифрлық даму министрлігі жағдайға байланысты ҰҚК-мен бірге талдау бастаған.
GitHub ресурсында белгісіз адамдар Қытай хакерлері, яғни Іsoon компаниясының құпия деректерін жариялаған. Ақпаратта сәйкес, ҚР Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан да деректер алынған. 2019 жылға enpf.kz алынған дерек көлемі 1.92 ГБ құрады.
Қордың хабарлауынша, БЖЗҚ қауіпсіздік қызметі GitHub сайтында орналастырылған деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізген. Жарияланған каталогта сайттың сипаттамасы ғана берілгенін анықтаған. Еnpf.kz. сайтының ашық дерек көзі әрі салымшылар мен зейнеткерлердің дербес...