Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандық қайтуы керек. Еңбек министрі Светлана Жақыпова екіжақты келісім бойынша орындалуға тиіс талаптың бірі деп көрсетті.
«Біз үш облыста арнайы орталықтар дайындадық, Алматыдағы орталықты тексеріп шықтық», – деп мәлімдеді министр.
Қазақстандық мигранттарды қайтару – Сыртқы істер министрлігінің шаруасы. Жұмысшылармен бейбіт келісім жасалады. Светлана Жақыпова мигранттар өз еркімен билет алып, елге оралса, ешқандай орган мазаламайтынын айтты. Егер бұл талапқа көнбесе, Оңтсүтік Корея жауапкершілікке тартады.
Екінші тарап министрлікке үш шарт қойған:
Қазақстанның Кореядағы елшілігінде жұмыспен қамту атташесі лауазымын енгізу; Заңсыз жүрген 15 мың қазақстандықты қайтару; Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын барлық қазақстандықты міндетті түрде...